Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы қорытындылары туралы ақпарат

Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2022 жылғы қаңтар-маусымдағы қорытындылары туралы ақпарат

 

Аудан аумағы 10,58 мың шаршы шақырым құрайды.

Аудан халқының саны 2022 жылғы 1 маусымға 131,7 мың адам.

Елді мекендердің саны: 1 қала, 41 ауылдық елді мекен, 13 ауылдық округтер.

Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар- 87,1 мың адам (66,15%), ұйғырлар- 38,4 мың адам (29,12%), орыстар-4,4 мың адам (3,33%), басқалар-1,8 мың адам (1,4%).

Өнеркәсіпте 2,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 113,7% құрады. Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі – 10,4%.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 12,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі 100,9% құрады. Облыстық жалпы өнімдегі үлесі – 12,6% болды.

Мал шаруашылығында ет 7,0 мың. тонна өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне (98,1%), сүт 22,6 мың.тонна (110,7%), жұмыртқа 4,0 млн. дана (114,7%) құрады.

Ірі қара малының саны 105,6 мың бас (108,8%), қой мен ешкі 357,0 мың бас (99,3%), жылқы 22,5 мың бас (104,4%) және құс  88,7 мың бас (96,7%) құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 9,3 мың субъекті жұмыс істейді. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар саны (заңды тұлғалар) – 627, жеке кәсіпкерлер саны – 3681, шаруа қожалықтары – 4957. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 14712 адам жұмыспен қамтылған.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,0 млрд.теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,4% құрады. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 9,5%.

Аудан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 9,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 108,5%. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 10,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 64,1%. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 6,8% құрап отыр.

Есепті мерзімде 23,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 131,3% құрады. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 30,0% құрап отыр.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 20,7 млрд.теңге жиналып, болжам 107,8%-ке орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 16,9 млрд.теңге (103,1%), жергілікті бюджетке 3,9 млрд.теңге (120,5%), аудандық бюджетке 1,7 млрд.теңге жиналып, жоспар 106,7%-ке орындалды.

Бюджет шығындары 6,4 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 99,9%-ке орындалды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша есепті мерзімде 3035 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Мемлекеттік атаулы көмек аз қамтылған 1447 отбасына (8004 адамға) 351,5 млн.теңге тағайындалып, төленді.

Жұмысқа орналасуға 3403 адам өтініш білдірді, оның ішінде бүгінгі күнге 2527 адам (74,2%) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыспен 1378 адам, әлеуметтік жұмыспен 102 адам қамтамасыз етілді.

2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында орташа еңбекақы 26,5% өсіммен 211,9 мың теңгені құрады.

Ауданда білім беретін 45 орта, 1 негізгі және 4 бастауыш мектеп бар. 2022 жылдың 1-ші шілдесіне 60 балабақша және 29 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім берумен 8712 бала қамтылған, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 99,8%.

Денсаулық сақтау саласында тұрғындарға 1 аудандық орталық аурухана,               2 ауылдық аурухана, 16 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункті және медициналық пункті, 5 жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді. Олара 206 дәрігер, 1106 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 268 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ке азайды. Жол-көлік оқиғаларының саны - 42 (2021 ж.-43), онда қайтыс болған адам саны - 6 (2021 ж.-5).

Қылмысты ашу 89,5% құрады (2021 жылғы 6 айы-84,8% болған).

Дата публикации
28 июля 2022