Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі

әкімі сайлауының қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

2022 жылы 10 шілдеде Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижесін анықтады:

Үлкенағаш сайлау округі Үлкенағаш ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1761 азамат енгізілді, оның  1413-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «бәріне қарсы» - 6.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Қасенов А.Р. – 58; Нұрмахметов Е.Е. – 1220; Нұрмәуленов Д.Н. – 126.

Үлкенағаш ауылдық округінің сайланған әкімі Нұрахметов Ермек Еркенұлы, 1962 жылы туған, Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес Панфилов аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 10 шілдеде сайланған Үлкенағаш ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

Панфилов аудандық аумақтық 

сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі

әкімі сайлауының қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

2022 жылы 10 шілдеде Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

1761 азамат сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның ішінде 1413 (80,24%) дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 3 адам. Оның ішінде өзін-өзі ұсыну бойынша - 3 адам.

Үлкенағаш ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық «Жаркент өңірі» газетінде  жарияланды.

 

Панфилов аудандық аумақтық  

сайлау комиссиясы




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
10 июля 2022