Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2022 жылғы тамыз айының 02-і күні сағат 10-00 де Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округі Пенжім ауылында орналасқан А.Розыбакиев атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Пенжім ауылында орналасқан атауы жоқ көшеге Қарашев Бағашар Әбдіқайымұлының есімін беру туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.