Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2022 жылғы 2 тамызда сағат 15:00-де Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округі Ават ауылындағы Ават орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде Ават ауылының атауын «Береке» ауылы деп өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.