Үлкенағаш ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Үлкенағаш ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2022 жылдың 6 маусымында Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Үлкеанағаш ауылдық округінде сайлау жарияланды. Сайлау 2022 жылғы 10 шілдеде өтеді.

Сайлау тағайындау, округтерін құру, сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудандық «Жаркент өңірі» газетінде және аудан әкімінің ресми сайтында жаряланды.

Сайлауда 2 учаскелік сайлау комиссиясы, 15 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Сайлаушылар саны - 1761.

11 маусымнан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталып, 24 маусымдажергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда аудандар мен қалалар әкімдеріне тиесілі.

24 маусымға 4 кандидат өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың 3-уі мемлекеттік қызметшілер, 1-уі коммерциялық ұйым өкілі.

4 кандидаттың сәйкестігін анықталды, оның ішінде 3 кандидат заңнама талаптарына сәйкес, 1 кандидат сәйкес емес.

Кандидаттарды тіркеу 29 маусым күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Кандидаттардың 8 сенім білдірген адамдары тіркелді.

Сонымен қатар әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша беріліп, танысу үшін сайлаушыларға ұсынылды.                                                   

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Үлкенағаш ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
22 июня 2022