Панфилов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының 2022 жылғы
6 маусымдағы № 163 қаулысына қосымша
2022 жылғы 10 шілдеге тағайындалған Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау
|
|
|
|
Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 10 маусым (113-1-б.2,3-т) |
|
2. Сайлау округінің шекарасы мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2022 жылғы 20 маусымнан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2022 жылғы 20 маусымнан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей, 2022 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей, 2022 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2022 жылғы 11 маусым басталады және 2022 жылғы 24 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.1-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы (4-б, 113-5 -б.11 т.2) т)
|
|
8Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б.8-1) тт 31-б)
|
|
9Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы. Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн ішінде (113-4-б) |
|
10Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып Панфилов аудандық сайлау комиссиясы. Қол қою парақтары Панфилов аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 7-т)
|
|
11Жергілікті аткарушы органдардың шотына әкімдікке кандидаттардың республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2022 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу. |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидатты тіркегенге дейін (113-5-б. 2-т)
|
|
12Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2022 жылғы 1 маусымға) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кандидатты тіркегенге дейін (113-5-б. 3-т)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т)
|
|
14Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы. Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлауға дейін он күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2022 жылғы 11 маусымда басталады және 2022 жылғы 29 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б)
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссисясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 2022 жылғы 29 маусымда сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2022 жылғы 20 маусымға дейін (24-б. 5-т)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, 2022 жылғы 25 маусымнан бастап (26-б. 1-т.) |
|
21Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
|
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы. Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылғы 7 шілдеден ерте емес және 2022 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2022 жылғы 10 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
26Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2022 жылғы 13 шілдеден кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2022 жылғы 14 шілдеден кешіктірмей
(44-б.)
|
|
30Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Панфилов аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен алып тастау туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2022 жылғы 17 шілдеден кешіктірмей
(45-б, 2-т, 46-б, 113-11-б) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.