"Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Аналитикалық анықтама
Жаркент қаласы 03 мамыр 2022 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау мақсатында және «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының 2022 жылғы «03»05 №248 бұйрығына сәйкес, «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Бөлім) 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізілді.
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1) ҚР Су кодексі;
2) ҚР Экологиялық кодексі;
3) ҚР Бюджеттік кодексі;
4) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Заң;
5) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"ҚР Заңы;
6)"Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңы;
7) ҚР "Газ және Газбен жабдықтау туралы";
8) "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңы;
9) "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңы;
10) "Мемлекеттік мүлік туралы"ҚР Заңы;
11) "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы;
12)"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
13)"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы.
14)"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығы;
15) "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығы; 16)"Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығы;
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2021 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің штат саны – 3 бірлік (бөлім басшысы – 1, бас маман-2), оның 1-і денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босатылды.
Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №843 "Панфилов ауданының мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысының негізінде "Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша 1 бос орын болды, оның 1-і қысқартылуы тиіс.
2021 жылдың ІІ-тоқсанынан бастап жұмысқа қабылданды:
жалпы конкурс бойынша-1.
2021 жылдың ІІ-тоқсанынан бастап 1 адам басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
2021 жылдың 9 айында бөлімге 636 хат келіп түсті, оның ішінде 380 жеке және заңды тұлғалардан, 250 өтініш бастапқы сипатқа ие, 6 өтініш қайта жолданды.
Барлық келіп түскен хат-хабарларды басқарма қызметкері "документолог" бағдарламасы арқылы электронды форматта тіркейді.
9 ай ішінде Басқармаға барлығы 29 өтініш түсті. 28 түсініктеме берілді. 3 өтініш бойынша мерзімдерді бұзу орын алды. 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде:
Тұрғын үй қатынастары, көшені жарықтандыру мәселелері. Өтінішке уақтылы жауап бермегені үшін сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу және Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.
Басқарма Мемлекеттік сатып алуды "мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі және өнім берушілермен қандай да бір байланысты болдырмайды.
Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты әкімшілік-құқықтық бөлім тұрақты негізде өз қызмет саласына қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық алуан түрлілігін зерделейді.
Әкімшілік-құқықтық бөлім азаматтық құқықтық қатынастардың өзге субъектілерімен тең дәрежеде (азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы ретінде) азаматтық материалдық және іс жүргізу заңнамасының құқық қолданушысы болып табылады. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері заңнаманың жетілдірілмеуінен емес, бөлім қызметкерлерінің атқарушылық тәртібін бұзуынан (талап арыз берудің белгіленген мерзімдерін, шағымдану мерзімдерін бұзу, шағымдану шараларын қабылдамау, өзге де процестік рәсімдер мен мерзімдерді бұзу) болуы мүмкін. Талданып отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Азаматтық және азаматтық іс жүргізу кодекстерін сақтау бөлігінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
1) бөлімнің лауазымды тұлғалары туралы сыни жарияланымдар болған жоқ. Бөлімнің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдану бойынша сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің 2022 жылға бекітілген іс-шаралар жоспары бар.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ұсынамыз:
1) Жұмыс тобы 2022 жылғы 27 мамырға дейінгі мерзімде орындау мерзімдерін, жауапты тұлғаларды және орындау жөніндегі аралық ақпаратты ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдарды орындау жөніндегі жоспарды әзірлесін (ұсынымдарды орындау 6 айдан аспауға тиіс).
2) Әкім аппаратының қызметінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде орналастыру;
4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы стандарттарының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқу өткізу;
5) 2021 жылдың қорытындысы бойынша "Панфилов ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
6) Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асыру.
Ішкі талдау өткізу жөніндегі жұмыс тобы:
|
Бас маман |
_______________ |
Байжұма.И.
|
|
Бас маман |
_______________ |
Саурықов.А.
|
|
Бас маман |
______________ |
Тажиев.М. |
Таныстым:
«Панфилов ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі, автомобиль
жолдары және тұрғын үй
инспекциясы бөлімінің басшысы А.Тазабеков