«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша   АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Жаркент қаласы                                                                16 мамыр 2022 ж.

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

 

Панфилов аудпнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысының (бұдан әрі- бөлім) 2021 жылғы 29 наурыздағы № 13 бұйрығына сәйкес  2021 жылдың 29 наурызынан бастап 02 сәуір аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  2021 жылдың ІІ-ІV-тоқсан аралығында ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімдегі ішкі талдау  2021 жылдың  01 сәуір 31 желтоқсан жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемсінің  Ережесін беікту туралы Панфилов аудан әкімнің  2018 жылғы 24 сәуірдегі № 201 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйырығымен  бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар  бойынша ішкі талдау жүргізілді.

 

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 

  • Бөлім өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді

басшылыққа алады:

-"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  Кодексімен

-ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

- "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі  Кодексімен ;

-"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"                            2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен

-"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Заңымен

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                                 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы                               "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңымен

- "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы  "Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі";

- "Мемлекеттік сатып алу туралы"Қазақстан Республикасының                       2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Заңымен

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                                      11 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары ;

           - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі                                                 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы;

- Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген.

         -  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы;

         - «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы                                      29 желтоқсандағы  Заңы.

         -Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11038 тіркелді.

 

  • Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (коллизиялар,

олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.).

Талдау барысында заңнамаларадағы нормаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап, мүгедектігі бар азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы  өтінішпен жүгінеді және вебпортал арқылы өтініштерін  жібереді.

   

 

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін  мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу үшін өтінішпен қызмет беруші арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және вебпортал арқылы өтініштер  берілді. Тапсырыстар әлеуметтік портал арқылы мүдектердің таңдауы бойынша «Инабат» үкіметтік емес ұйымы қызмет көрсетті.

Ұсыныс «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметін толық автоматтандыруды, қызмет беруші арқылы өтініш қабылдауды алып тастауды ұсынамын.

"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тоқсан сайын қабылданатын, тоқсанына бір рет төлем жүргізілетін. Алайда 2021 жылдың 6 қазанындағы №7-6-62 Панфилов аудандық маслихат шешімімен өтініш берген айдан бастап психологиялық-медициналық-педогогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі (яғни оқу кезеңін қамтиды). Бұл мемлекеттік қызметке өтініш тек халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады. Құқық нормаларының коллизиясы жоқ. 

"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлкеттік қызметіне өтініш қызмет беруші арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және вебпортал арқылы өтініштер  беруге болатын. Алайда ИС ЦОН желісімен байланыс болмағанадықтан 2021 жылға бұл қызмет түрі тек қызмет беруші арқылы қағаз түрінде жүргізілді. 2022 жылдан бастап байланыс орнатылды, веб портал  арқылы еркін қабылдануда. Құқық нормаларының коллизиясы жоқ.

Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу. Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге өтінішпен қызмет беруші арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы және вебпортал арқылы  беріледі. Қабылдаған кейін әлеуметтік порталға жіберіледі. Құқық нормаларының коллизиясы жоқ. 

Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу өтініштері қызмет беруші арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы және веб-портал арқылы  беріледі.2021 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды дұрыс қабылдамағандықтан (бірнеше мемлекеттік қызметті бір қызметпен қабылдау) кешіктіру қаупіне әкелді.Халыққа қызмет көрсету мамандарына және мүгедектерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кешіктіру қаупі дұрысталды. Құқық нормаларының коллизиясы жоқ.

Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуге өтініш қызмет беруші арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы және вебпортал арқылы  беріледі.

Бірақ ИС ЦОН желісімен байланыс болмағанадықтан 2021 жылға бұл қызмет түрі  қызмет беруші арқылы қағаз түрінде жүргізілді.

 2022 жылдан бастап өтініш халыққа қызмет көрсету орталығы және веб-портал арқылы беріледі. Құқық нормаларының коллизиясы жоқ.

 - Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу бойынша өтініштер қызмет беруші арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы және вебпортал арқылы  беріледі. Қабылдаған кейін әлеуметтік порталға жеткізушіні таңдауға жіберіледі. Құқық нормаларының коллизиясы жоқ. 

Ұсыныс «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу » мемлекеттік қызметін толық автоматтандырып, қызмет беруші арқылы өтініш қабылдауды алып тастауды ұсынамын.

 

  1. БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТА

2.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша.

Панфилов  аудан әкімінің қаулысына  сәйкес бөлімнің      штат саны -11 бірлік. 2021 жылдың 13 сәуірінен жекетші маман М.Асенова жүктілік және босануына байланысты демалысқа кетті.

Персоналды  басқару желісі  бойынша  сыбайлас  жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде  анықталған жоқ.

 

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша

Мемлекеттік  сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу кезінде және жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен  жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.

 

2.3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

 

2.3.1. Бөлім келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

- "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау"

- "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу"

- "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру"

- "Ақталған адамға куәлік беру"

- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге        құжаттарды ресімдеу. Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге.

- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу.

- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.

- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

- Тұрғын үй көмегін тағайындау

            2.3.2. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бөліммен 3006 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бас тартулар мен шағымдар анықталған жоқ.            2.3.3. мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімдердің өтуі, әкімшілік кедергілер анықталмады.            2.3.4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үрдісі стандартпен бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

 

  1. Рұқсат етуші функцияларды жүзеге асыру

 

Жоқ

  1. Басқару функцияларын жүзеге асыру

 

  4.1. Талданған кезеңге 01.04.2021 бастап 31.12.2021 дейін бөлімінде қадағалау органдарымен келесі тексеру жүзеге асырылды. «Еңбек, әлеуметтік қоғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша» РММ-нің 2021 жылғы 22 сәуірдегі тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталып, бас маман Л.Джаматаеваға 2021 жылдың 28 сәуірі №5 бұйрықпен, «Жалғызілікті қарттармен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің меңгерішісі З.Чинибаеваға 2021 жылдың 28 сәуірі №23 бұйрықпен, «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің меңгерушісі М.Аргыншаловаға 2021 жылдың 28 сәуірдегі №24 бұйрықпен сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлеттік қызметкерлер арасынан тәртіптік жазалар мерзімінен бұрын алынған жоқ.   

 

            5. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер

         5.1. Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының және 2021 жылдың 01 шілдесінен "Әкімшілік Рәсімдік-Процестік "кодексінің талаптарын бұзу фактілерін талдау барысында анықталмады

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысына:

 

-Бөлім  қызметінің  мәселелерін реттейтін құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;

-Заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша шешімдер қабылдау;

-2021жылдың қорытындысы бойынша Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жалғастыру.

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

 

Жакупова Сауле Садыковна_______________

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Масимова Роза Иминқызы_________________

Алтынбекова Гульмира Алтынбекқызы______________

Арғыншалова Мая ___________________

Аспараева Жадыра____________________

Нуптыбеков Мұрат Әлімқожаұлы_______________

 

Таныстым:

 

Панфилов ауданының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің  басшысы:                                        Г.Кибраева

Дата публикации
25 мая 2022