«Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсан аралығындағы II, III, IV тоқсаны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтамасы
Жаркент қаласы 01 сәуір 2022 жыл
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі 2021 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлімнің бас маманы Қ. Мұсабеков жауапты адам ретінде бекітілді.
2021 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде, ауданның кәсіпкерлік бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Бөлімде 2021 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсан аралығында нормативтік құқықтық актілер қабылданған жоқ.
Бөлім өз қызметінде:
Кәсіпкерлік бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 4 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді.
Бүгінгі күнге дейін бекітілгені 4 штат, бос лауазым орны жоқ.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына сәйкес: 4 – қазақ ұлтының өкілдері жұмыс істейді, оның ішінде 3 – ер адам, 1 әйел адам.
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
2021 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсан аралығында жеке және заңды тұлғалардан 1 өтініш түсті
Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
1) бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
2) бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
3) бөлімнің рұқсат беру функциялары жоқ;
4) бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ;
Қорытынды
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргузі барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. 2021 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде кәсіпкерлік бөліміне түскен 1 өтініш түсті. Өтініш иесіне жауап берілді, ресми түрде хат жолданды.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде аталған бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.
Ұсыныс: жоқ
Жұмыс тобының мүшелері
Мұсабеков Қ.Т. ______________ Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Балғабекова А.Т. _____________ Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Бөлім басшысы И.Асанбаев