2022 жылғы 26 мамыр күні сағат 10.00-де Панфилов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Семинарды аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы К.Н.Нұралинова ашып, жүргізді.
Семинарға учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. Семинар-кеңесте республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері, сондай-ақ БАҚ-ты аккредиттеу, комиссия мүшелерінің еңбекақысы, т.б мәселелер түсіндірілді.