2022 жылғы 26 мамыр күні «Алтынкөл» станциясының мәжіліс залында республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтың, «Қорғас «ШЫХО» акционерлік қоғамның, «Алтынкөл» станциясының қызметкерлері қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов ашып, жүргізді. Кездесу барысында аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы К.Н.Нұралинова сөз алып республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері, сондай-ақ дауыс беру үшін есептен шығару куәліктерін алу тәртібі, сайлаушылардың тізімін жасақтау және т.б мәселелер түсіндірілді.