«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің "Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2016 жылғы 23 мамырындағы № 219 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4326 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
- "Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
- "Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Панфилов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.