«Панфилов ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастыру туралы

«Панфилов ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығынының                    6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Панфилов ауданының Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қосымшаға сәйкес қалыптастырылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мағрупова Роза Азаматқызына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Панфилов ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастыру туралы
Дата публикации
13 января 2022