Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округі бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округі бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округі бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
22 ноября 2021