Панфилов ауданының Жаркент қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының                  6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Панфилов ауданының Жаркент қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Панфилов ауданы Жаркент қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Панфилов ауданының Жаркент қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Дата публикации
18 ноября 2021