«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдегегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарынөндіріп алу) «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де занды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдері өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын жеке шотқа аудару арқылы төленеді;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектігінің алынып тасталуы, Панфилов ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) төлемдер тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекіткен «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қағидаларда көрсетілген тәртіппен шешіледі;
6) шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, мерзімі, нысаны мен нәтижесі «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қағидаларға қосымша);
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.