АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

Панфилов аудпнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысының (бұдан әрі- бөлім) 2021 жылғы 29 наурыздағы № 13 бұйрығына сәйкес  2021 жылдың 29 наурызынан бастап 02 сәуір аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  2021 жылдың І-тоқсанына ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімдегі ішкі талдау  2020 жылдың  01 қаңтарынан 31 наурыз жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін «Панфилов аудпнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемсінің  Ережесін беікту туралы Панфилов аудан әкімнің  2018 жылғы 24 сәуірдегі № 201 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйырығымен  бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар  бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімінің  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін ішкі талдау  мынандай бағыттар бойынша  жүзеге асырылды:

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын құқықтық актілер сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау,
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

  • Бөлім өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді

басшылыққа алады:

          - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңы»;

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 04.12.2015ж. № 434-V Заңы;

- "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III Заңы;

 - Приказ Министра здравоохранения и социального развития РК от 22.01.2015 года № 26 «О некоторых вопросах реабилитации инвалидов»;

         -  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы;

 

  • Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (коллизиялар,

олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.).

Талдау барысында заңнамаларадағы нормаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер анықталмады.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап, «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізуіне орай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көбі әлеуметтік қызмет көрсету порталына өтті.

Олар:

1.Мүгедектерге протездік-ортонедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу.

2.Мүгедектерге  сурдо-тифлотехникалық және міндетті  гигиеналық  құралдармен қамтамасыз ету.

3.Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау  тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін  мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу.

4.Мүгедектерге кресло-арбалар беру.

5.Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.

  1. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.

Осы қызметтердің әлеуметтік порталға өтуіне орай Заңнамаларадағы нормаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер айтарлықтай азайды. Себебі Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу арқылы ұсынылып отырған техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің сапасын жақсартуға, қызмет алу мерзімін азайтуға, және техникалық оңалту құралдарымен қызметтерінің нақты қажеттіліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

 

 

  1. БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

2.1.Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Панфилов  аудан әкімінің қаулысына  сәйкес бөлімнің  штат саны -11 бірлік, оның ішінде нақты саны -11 бірлік  2021 жылдың  01 қаңтар  - 31 наурыз аралығында кадрлардың  ауысуы болмады.

2021 жылдың 1 тоқсанына жыл сайынғы еңбек демалысына  4 адам жіберілді.

Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  туралы 2015 жылғы  қарашадағы  № 410-V ҚР Заңының 13-бабына  сәйкес  бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық  қатынастары анықталған жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша

Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысының болу фактілері анықталған жоқ.

2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

2.3.1. 2021 жылдың 31 наурызына бөліммен 1146 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бас тартулар мен шағымдар анықталған жоқ.

2.3.2. Дискрециялық мерзім мен өкілеттіктің болуы, әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.

2.3.3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестері Стандартта бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

3.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Жоқ.

4.Бақылау функцияларын іске асыру

4.1 01.01.2021-31.03.2021 жылдар аралығындағы талдау кезеңінде бөлімінде бақылаушы органдармен тексерулер болған жоқ.

  1. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

5.1.Талдау барысында "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша заң бұзушылық анықталмады. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысына ұсыныстар түспеді:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары тоқсан сайын жүргізу жалғастырылсын.

Дата публикации
12 мая 2021