Жаскент ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 3 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Жаскент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуір № 18 қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкіміне сәйкес 2021 жылдың  қаңтар мен  наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Жаскент ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы  «Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №457 қаулысы негізінде жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

         Округтің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Кониституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.

           «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2021 жылдың 3 ай кезеңінде қабылдыған нормативтік құқықтық актілердің саны – Оның ішінде  7- өкім,  7- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ. Алайда, ауыл шаруашылық жерлерін толық пайдаланбағандықтан  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері анықталды. Панфилов ауданы прокуратурасының 2021 жылғы 26 қаңтардағы №2-0415-21-00164 жолдаған ұсынымындағы аталған кемшіліктер Аудан прокуратурасының тексеруімен тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды, атап айтқанда Жайылым жерлер бойынша-жаю үшін ауыл шаруашылғы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жататындығы көрсетілген. Алайда тексеру нәтижесімен жайлым пайдаланушылардың ауыл шаруашлық жануарлары жүйеге тіркелмегендігі анықталды.  Жер инспекторы бас маман М.Тохтаров түсініктеме жазып сол себепті оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 1-тармағының және 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес: «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  бас маманы Мақсат Дәулетұлы Тохтаровқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза 2021жылы 5 ақпан айында қолданылды. Тағы  басқада сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдері шешім шығарар кезде байқалады. Ол жағдайлар көбінесе тұрғын үйді жеке меншікке аудару және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзарту, не болмаса тұрғын үйге қызмет көрсету және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған жер телімдерін заңдастыру кезінде аудандық жер комиссиясының қортындысы 1 ай уақыт өтіп кеткеннен кейін келіп жатады.

Ескертілуге: Аудандық жер қатынастары бөлімі шешімдердің мерзімін аудандық жер комиссиясына өтеусіз жеке меншікке берген құжаттарды 1 ай мерзімнен өткізбей беріп отырса.

 

 

 

 

 

 

  1. Мекеменің   ұйымдастрыушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 7 бірлікті құрайды

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

 

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

Жаскент ауылдық округінің әкім аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 

 

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2021 жылдың 3 айында округ әкімі аппаратына 9 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштері жеке тұлғалардан. Оның 9-на жазбаша беріліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әкімнің  ауызша қабылдауында 8- азаматтар қабылданды, 3-і шешілді, 5-не түсіндірме жұмысы жүргізілді.

 

Қорытынды

Жаскент ауылдық округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  анықталды. Панфилов ауданы прокуратурасының 2021 жылғы 26 қаңтардағы №2-0415-21-00164 жолдаған ұсынымындағы аталған кемшіліктер Аудан прокуратурасының тексеруімен тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды, атап айтқанда Жайылым жерлер бойынша-жаю үшін ауыл шаруашылғы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жататындығы көрсетілген. Алайда тексеру нәтижесімен жайлым пайдаланушылардың ауыл шаруашлық жануарлары жүйеге тіркелмегендігі анықталды.  Жер инспекторы бас маман М.Тохтаров түсініктеме жазып сол себепті оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 1-тармағының және 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес: «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  бас маманы Мақсат Дәулетұлы Тохтаровқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза 2021жылы 5 ақпан айында қолданылды. Тағы  басқада сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдері шешім шығарар кезде байқалады. Ол жағдайлар көбінесе тұрғын үйді жеке меншікке аудару және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзарту, не болмаса тұрғын үйге қызмет көрсету және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған жер телімдерін заңдастыру кезінде аудандық жер комиссиясының қортындысы 1 ай уақыт өтіп кеткеннен кейін келіп жатады.

1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңы қабылдау және орындалу тәртібі жүргізілсін.

Дата публикации
30 апреля 2021