Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының (бұдан әрі- бөлім) 2021 жылғы 8 сәуір № 27-ө бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 8 сәуір мен 18 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурыз жұмыс кезеңін қамтиды.
Бөлім өз қызметін «Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 мамырдағы № 240 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы
№ 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Бөлім өз қызметінде:
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 2 бірлік, оның ішінде нақты саны – 2 бірлік. 2020 жылдың 1 қаңтардан 31 наурыз аралығында кадрлардың ауысуы болмады.
2021 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына қаңтар-наурыз айларында демалысқа шыққан жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
2021 жылдың 3 айында мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 5 сатып алу жұмысы жүргізілді. Оның ішінде:
Бағалы ұсыныстарға сұраным бір көзден өту мемлекеттік сатып алу бойынша 738 мың 500 теңгеге 5 келісім шарт жасалды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 4 бөлімінің 5 бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда айына бір рет өзгертіледі.
Ішкі талдау қорытындысына сәйкес, мемлекеттік сатып алу бойынша қателіктер болған жоқ.
3-тармағына сәйкес, материалдық көмек көрсету және үстемақы мөлшерін белгілеу мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ҚР есебінен мемлекеттік бюджет үкіметінің қаулысымен бекітілген,
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 ережесінің регламенттелген және шарттары бойынша мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беріледі.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңының, «спорттық разрядтар мен санаттарын беру туралы» 35-бабының 2-4-тармақтарына сәйкес, «екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру» Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығына, Алматы облысы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 15 шілдедегі № 315 қаулысына сәйкес, бөлім келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру»
2) «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
2021 жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.
3.1. Қаралмаған құжаттарға сұраныс фактілерінің болуы.
Ішкі талдау қорыныдысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында қаралмаған құжаттар анықталып, тіркелген жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты талаптарына сай қызмет көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету барысында құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау желісі бойынша
2021 жылдың шілде- желтоқсан айлары аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мерзімнен кешіктіріліп қаралғандары жоқ.
Қосымша қаралаған өтініштер жоқ.
5) мемлекеттік сатып алу желісі бойынша
ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 4 бөлім 5 статьясына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда айына бір рет өзгертіледі.
Сыйақы беру ережесінің 3-тармағына сәйкес, материалдық көмек көрсету және үстемақы мөлшерін белгілеу мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ҚР есебінен мемлекеттік бюджет үкіметінің қаулысымен бекітілген,
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 ережесінің регламенттелген және шарттары бойынша мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беріледі.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес ;
Ішкі бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, тәуекел бөлімінің ұйымдастыру- басқару қызметінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны анықталмады.
Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.