Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың 01 сәіріндегі Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы № 13 ө-н/қ өкімі негізінде, округтегі ішкі талдау 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 наурызы аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына, Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Үлкенағаш ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Округ әкімі аппараты өз қызметінде
Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына, Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 3 ай кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны – 36. Оның ішінде 20 – өкім, 16 – шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативті құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
2.Округте ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес округте штат саны – 5 бірлікті құрайды.
Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
2)Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кезеңділігін сақтау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.
Біліктілікті арттыру бойынша 2021 жылға бекітілген кестеге сәйкес 1 мемлекеттік қызметші Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облыстық филиалында онлайн режимде оқыды.
Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
4)Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері
Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппаратының 1 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жазаға тартылды.
«Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
Сонымен қатар «Egov» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 46-0-72 тұрақты жұмыс істейді.
Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзу фактілері анықталмады.
4.Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер
Ішкі талдау барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2021 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурыз аралығында округ әкіміне 27 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның 25-і қанағаттандырылды, 2-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұсыным:
1.Жер инспекторына Үлкенағаш ауылдық округінен тұрғын үй салу мақсатында қысқа мерзім ішінде жер алғысы келетін азаматтар ниет білдіреді. Бірақ тұрғын үй салуға жер алғысы келетін азаматтарға, егер жерді алғаннан кейін сол жерге белгіленген мерзім ішінде үй салмайтын болса, жер қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылатыны түсіндіріледі.
Аталған қызмет түрін яғни жер учаскесін алу үшін өтінішті азаматтар әкімшілікке жазбай, ХҚКО арқылы немесе «Egov» электронды үкімет порталы арқылы алатын болса ыңғайлы болатын еді.
2.Ішкі талдау барысында округ әкімі аппаратында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың қызметтерді алу кезінде қызметті көрсетушімен тікелей байланысу қаупі бар. Яғни қызмет берушінің кеңсесі арқылы баламасыз жүзеге асырылады.Осы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін өтінішті әкімшіліккей келмей ХҚКО арқылы немесе «Egov» электронды үкімет порталы арқылы беруді ұсынамыз.
Қорытынды
1.Уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін өтінішті ХҚКО немесе «Egov» электронды үкімет порталы арқылы қабылдау туралы ұсыныс жасау.
2.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол бермеу үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;
4. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау.