Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылдың 1-тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

       Панфилов ауданының  Талды  ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 12 өкіміне  Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы  өкімі негізінде 2021 жылдың 01 қаңтармен 1 сәуір   аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Округтегі ішкі талдау 2021 жылдың 01 қаңтармен 01 сәуір аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Панфилов ауданының «Талды ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Талды ауылдық округінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1.Талды ауылдық округінде  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.Талды ауылдық округінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Талды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Округ әкімі аппараты өз қызметінде:

Панфилов ауданының «Талды  ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Округте ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

Панфилов ауданының қаулысына сәйкес округте штат саны - 8 бірлікті құрайды. 

2021 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 4 адам жіберілді.

Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

     Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын  алған жоқ.

Қорытынды

«Талды  ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін  жағдайлар  анықталды. Өзіне жүктелген міндетін тиісінше орындамағаны үшін аудандық прокуратурасының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 2-0415-21-00164 ұсыныс хаты бойынша бас маман Шаркеев Думанға тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар қылмыстың алдын алу және мемлекеттік қызметкерлер  арасында «сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу» тақырыбында 2021 жылдың  4 наурызында округ әкімі аппараты мамандарымен дөңгелек стөл өткізілді.  

Дата публикации
29 апреля 2021