Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып Пенжім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 18 өкімі негізінде 2021 жылдың 01 қаңтарынан 31 наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Округтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Панфилов ауданының «Пенжім ауылдық округ әкімінің аппара-ты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24сәурдегі №203 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.
«Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2021 жылдың 3 ай кезеңінде қабылданған Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама - 62 азаматқа берілді Жалпы 3 айда нормативтік құқықтық актілердің саны – 43. Оның ішінде 25- өкім, 18- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілергезаң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 10 бірлікті құрайды. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 10 штат. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-10. Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер – 9 қазақ ұлтының 1 татар ұлтының өкілдері. Оның ішінде – 6 ер адам, 4-әйел адам. 2021 жылдың бірінші тоқсанында еңбек демалысына 1 адам жіберілді.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар тіркелген жоқ. Есептік кезеңде Пенжім ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы округ әкімдігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.
Пенжім ауылдық округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
2021 жылдың 3 айында округ әкімі аппаратына 41 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның қанағаттандырылғаны -10, 31-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама -62 азаматқа берілді.
Округ әкімі аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ;
Округ әкімі аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемелекеттік қызметкерлер табыстар туралы (декларация) мәліметті өткізді.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөліміне ұсынылады.
Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Қорытынды.
Пенжім ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.