Сарыбел ауылдық округі бойынша 2021 жылдың I тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Сарыбел ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 01 сәуір № 15 қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкіміне сәйкес 2021 жылдың  1-ші тоқсанына  арналған  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Сарыбел ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы  «Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №457 қаулысы негізінде жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

         Округтің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Панфилов ауданының «Сарыбел ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Кониституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.

           «Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2021 жылдың  I  тоқсан  кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілердің саны – 29, оның ішінде  19 - өкім,  10- шешім. Ескерту түріндегі  тәртіптік  жаза  алған  мамандар  саны  1 маман.

 

  1. Мекеменің   ұйымдастрыушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 8 бірлікті құрайды. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 8 штаттың орны толық. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-8 Ұлттық құрам бойынша барлық 8 мемлекеттік қызметшілер – қазақ ұлтының өкілдері. Оның ішінде - 4 ер адам, 4-әйел адам.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

Сарыбел ауылдық округінің әкім аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 

  • Мемлекеттік қызмет көрсету

2021  жылдың I тоқсанында   округ әкімі аппаратына 2 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің  2-і де  жеке тұлғалардан. Оның 2-і де  қанағаттандырылды.

  • Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштері

           2021  жылдың  I тоқсанында   округ  әкімі  аппаратына жалпы  7  өтініш   келіп  түсті.  Түскен  өтініштер жеке  тұлғалардан.  Оның   3-і  жазбаша  өтініш, 4-і  ауызша  өтініш. Келіп түскен  7 өтініште  шешілді.

 

 

Қорытынды

 

Сарыбел ауылдық округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне 2021  жылдың  I                                                                                           тоқсанына ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. Алайда Сарыбел ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері арасында ескерту түріндегі   тәртіптік   жаза  алған  мамандар саны   1 маман.  

Дата публикации
29 апреля 2021