Панфилов ауданының қаржы бөлімі басшысының (бұдан әрі- бөлім) 2021 жылғы 08-сәуірдегі «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 14 бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 05-сәуір және 30-сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.
Бөлім өз қызметін «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 537 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы Ережеге сәйкес Панфилов ауданы бюджетінің атқарылуын, аудандық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі);
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1- наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» N 413-IV Заңын
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 Қаулысын
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04- желтоқсандағы № 540 Қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9- тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын»
"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығын
«Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығын
Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығын
Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6-82-445 шешімі
Панфилов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы «Панфилов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Панфилов ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 6-82-445 шешімін іске асыру туралы» №3 Қаулысын қолданады.
2) Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіруге мүмкіндік беретін, жеке тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, құқықтық кемшіліктерді іске асырған кезде кедергілердің тууына ықпал ететін, әкімшілік- басқарушылық персоналдың өз қарауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ.
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 4 бірлік, оның ішінде нақты саны – 4 бірлік. 2021 жылдың қаңтар-наурыз аралығында кадрлар ауысуы болған жоқ. Ваканттық бірлік жоқ.
Осы уақыт аралығында жыл сайынғы еңбек демалысына басшы және 1 маман жіберілді.
Тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
3) Мемлекеттік қызмет көрсету
Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүргізген тәсілдері мен іс шаралары:
Жоғарыда баяндалғанның негізінде: