Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жопарлау бөлімі басшысының (бұдан әрі - бөлім) 2021 жылғы 14 сәуірдегі №8-ө «Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 06-26 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2021 жылдың 1 қаңтарынан 26 сәуір жұмыс кезеңін қамтиды.
Бөлім өз қызметін 2021 жылдың 3 айында «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 194 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай, бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 7 бірлік, оның ішінде нақты саны – 7 бірлік.
2021 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 3 адам жіберілді. Демалыстан шақырылған қызметкерлер жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету
2021 жылдың қаңтар-сәуір айларының аралығында 19 маманға 5 542,3 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылдың 7 желтоқсанындағы №395 қағидасының 100 АЕК көрсеткішке тең 291700 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: 11 маман білім саласынан, 3 маман денсаулық сақтау саласынан, 3 маман мәдениет саласынан, 2 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.
2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
Ескертілме – Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша, бір реттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй салу үшін несие алсақ деп келетін мамандар аз емес. Бірақ, қағиданың 6 тармағына сәйкес мамандардың тізбесін қалыптастыру кезінде жоғарыда аталған жауапты мекемелер сол салаға ең қажетті мамандардықтар бойынша тізбесін қалыптастырса, сол саланың жұмысының жақсаруына үлкен әсерін беретін еді.
Қорытынды