Панфилов ауданы туралы анықтама (Аудан әкімі Өмірәлиев Т.Ә.- 2019 жылдың 12 қырқүйегінен жұмыс істейді)

  1. 2021 жылғы қаңтар-наурыздағы негізгі көрсеткіштер

 

Аудан аумағы 10,58 мың шаршы шақырым құрайды.

Аудан халқының саны 2021 жылғы 1 наурызға 130,7 мың адам.

Елді мекендердің саны: 1 қала, 41 ауылдық елді мекен, 13 ауылдық округтер.

Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар- 86,8 мың адам (66,4%), ұйғырлар- 37,5 мың адам (28,7%), орыстар-4,6 мың адам (3,5%), басқалар-1,8 мың адам (1,4%).

1.Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінде 4,8 млрд.теңгеге өнім өндіріліп (2020 жылдың сәйкес мерзімінде-3,8 млрд. теңге), нақты көлем индексі 122,0% құрады.

2.Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 4,3 млрд.теңге, нақты көлем индексі 102,7% құрады.

Мал шаруашылығында ет 3117 тонна өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне 106,1% құрады, сондай-ақ, сүт 7591 тонна (104,8%), жұмыртқа 1331 мың дана (98,9%) құрады.

Ірі қара малының саны 95,2 мың бас (109,1%), қой мен ешкі 364,6 мың бас (99,6%), жылқы-19,7 мың бас (103,4%) және құс - 89,9 мың бас (100,0%) құрады.

Аудан бойынша 1720 басқа арналған 8 мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді, 2020 жылы Әулиеағаш ауылында 200 бас ірі қараға арналған бір бордақылау алаңы және Көктал ауылында 1250 бас ірі қараға арналған бір тауарлы сүт фермасы іске қосылды.

3.Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,8 мың бірлікті (2020 жылғы 3 ай- 8,7 мың бірлік) құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен салық төлемдері 107,9 млн.теңге, 2020 жылдың салыстырмалы кезеңінен 765,8 млн.теңге аз (2020 жылғы 3 ай-873,7 млн.теңге).

Бөлшек тауар сауда айналымының көлемі 2,8 млрд.теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,0% құрады.

4.Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,0 млрд.теңге,                       былтырғы жылдан 259,9 млн. теңгеге аз. Нақты көлем индексі 93,4%.

5.Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5   млрд.теңгені, НКИ- 153,4% құрады.

Есепті мерзімде 8019 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 103,1% құрады.

6.Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық деңгейі 5,0% (3258 жұмыссыз)

Экономикалық белсенді халықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 29,3% (17996 адам).

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 155,6 мың теңгені құрады.

 

 

 

 

7.Салықтар және бюджет

Мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер 3,2 млрд.теңге жиналып, болжам 108,2%-ке орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке             1,7 млрд.теңге немесе 104,5%, жергілікті бюджетке 1,4 млрд.теңге немесе                    113,0%, аудандық бюджетке 768,5 млн.теңге жиналып, жоспар 96,1%-ке  орындалды.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 2,6 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 90,6%-ке орындалды.

8.Әлеуметтік сала

Есепті мерзімде 1067 жаңа жұмыс орны құрылды (2020 жылдың 3 айы-526).

Мемлекеттік атаулы көмек аз қамтылған 1146 отбасына (6199 адамға)                   112,1 млн.теңге тағайындалып, төленді.

Жұмыспен қамту орталығында 1728 жұмыссыз тіркелді, нақты 916 жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыспен 702 адам, әлеуметтік жұмыспен 70 адам қамтамасыз етілді.

Ауданда 50 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде: 45 орта,1 негізгі және 4 бастауыш мектеп. Онда 26293 оқушы оқиды. Аудан бойынша барлық балабақша саны 56. Оның ішінде: 12 мемлекеттік, 44 жекеменшік және 30 мектепке дейінгі шағын орталық бар. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі-99,0%.

Денсаулық сақтау саласы бойынша аудан тұрғындарына 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 16 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункті және медициналық пункті, 5 жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.

 Онда 208 дәрігер, 1109 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 15,9 және орта медициналық қызметкерлермен 85,0 құрайды.

9.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Панфилов ауданы бойынша сумен жабдықтау желілері 475 км (оның 230 км жөндеуді қажет етеді), су бұру желілері 37,2 км (оның 27 км жөндеуді қажет етеді) құрайды. Елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 97,6% құрайды.

10.Жолдар

2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 478,3 млн. теңге бөлінді.

11.Қылмыс

Қоғамдық тәртіп саласында жалпы 146 қылмыс тіркеліп, 2020 жылдың                3 айымен салыстырғанда -2,0%-ке азайды. Қылмыстың түрлері: ұрлық -46,0%-ке (50-ден 27-ге), кісі өлтіру -40,0 %-ке, (5-тен 3-ке) азайды, алаяқтық -43,5%-ке (23-тен 13-ке) азайды.  Қылмысты ашу 92,0% құрады (2020 жылғы 3 ай-94,1% болған).

Дата публикации
21 апреля 2021