Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бойынша 2020 жылдың 6 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жопарлау бөлімі басшысының  (бұдан әрі - бөлім) 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №17-ө  «Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 16-31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау  2020 жылдың                               1 шілде 31 желтоқсан жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін 2020 жылдың 6 айында «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 194 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы                     № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай, бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

 

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Бөлім өз қызметінде:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.);
  • Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 990 қаулысы);
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы);
  • Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы);
  • Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы);
  • Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңы);
  • «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы);
  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы;
  • Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығын қолданады.                                

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 


    1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 7 бірлік, оның ішінде нақты саны – 7 бірлік.

2020 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 7 адам жіберілді.  Демалыстан 1 қызметкер шақырылды.   

 

 

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                  18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының               18-бабының 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы,  «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 5-28-195 шешіміне сәйкес, бөлім келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • 2020 жылдың шілде-желтоқсан айларының аралығында 8 маманға 22224 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, Оның ішінде: 7 маман білім саласынан, 1 маман  денсаулық сақтау саласынан. Ал тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит бойынша 12 маманға 48148,0 мың теңге берілді, оның ішінде: 7 маман білім саласында, 1 маман денсаулық сақтау саласында, 3 маман мәдениет саласында жұмыс жасайды, 1 маман әлеуметтік қамсыздандыру

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.

2020 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

Ескертілме – Бүгінгі күнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын күшейту мақсатында мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері электронды және қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы  арқылы көрсетіледі.

Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету шарасы бiрiншi кезекте талантты жастар мен мамандарға барынша тартымды əрi қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасауда.

Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмыс органы болып табылады.

Ұсыныс Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жас ерекшеліктерін шектеу көрсетілмеген осыған байланысты, жас ерекшелігін нақтылап берулеріңізді ұсынамыз.

 

4) Қорытынды

                                                          

  • Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялалығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 Ережесімен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін қатаң ұстану.
  • Бөлім қызметінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл туралы» заңының бұзылуына жол бермеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  • Жаза қолдану кезінде ҚР президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының қатаң басшылыққа алсын.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын мемлекттік қызметтер көрсету үшін қол жетімді орында орналастыруға көрсетілетін қызметті алушылар;
  • Қолданыстағы мемлекеттік стандарттар талаптарын қатаң сақтау кызметтері;
  • Талаптарын қатаң сақтау туралы «ҚР заңының қарау тәртібі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері»;
  • Бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесі бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 5 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингты жүзеге асырсын.

Ішкі бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, тәуекел бөлімінің ұйымдастыру- басқару қызметінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны анықталмады.

Дата публикации
21 апреля 2021