Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» 2020 жылдың 14 желтоқсан №46 бұйрығына сәйкес, Ауданның құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 12 айлық кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау;
Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау;
Бөлім өз қызметінде:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі);
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы);
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда №12590 болып тіркелді);
Бюжеттік өнімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда №10007 тіркелді),
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары»;
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген базалық көрсеткіштер тізбесін қолданады.
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны - 5 бірлік, оның ішінде нақты саны - 4 бірлік, бір қызметші бала күтімінен демалуда, бөлімнің операторы келісім-шарт негізінде жұмыс атқарады.
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Панфилов ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің орны) Мухтар Евейсинович Исаев 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61 бабы 1-тармағының 11), 12) - тармақшаларына сәйкес жұмыстан шығарылды.
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Панфилов ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы Сакен Балтабаевич Кумисбеков 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61 бабы 1-тармағының 11), 12) - тармақшаларына сәйкес жұмыстан шығарылды.
Аталған жағдайларды ескере келе бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3) Тәртіптік жазаға тарту бойынша
Бөлімде 2020 жылдың 12 айында бөлім қызметкерлері ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылған жоқ.
3.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.
«Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім басшысына жәнеде бөлім қызметкерлеріне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
4.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.
Бүгінгі күнге дейін бекітілген 5 штатты, 4 орны толық, 1 қызметші бала күтімімнен демалуда, инспектор-есепшісі маман келісім-шарт негізінде жұмыс атқарады. Ұлттық құрам бойынша 3 - қызметшілер- қазақ, 1 ұйғыр ұлтының өкілдері, оның ішінде 2 - ер адам, 2 - әйел адам.
Облыс бойынша кадрлардың нормативтік ауысуы 9 пайыздан аспауы деңгейінде негізделген, кадрлар ауысуы 2020 жылдың 12 айында орын алған жоқ, мамандар әр қайсысы өз орындарында қызмет атқаруда.
Ұсыным: Кадрлардың ауыса беруіне жол бермеу. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге жұмыс атқаруы бойынша,бөлімде ондай жағдайлар кездеспеуін қадағалау.
Қорытынды:Жоғарыда баяндалғандар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы бөлім басшысы бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктері анықталмады деген шешімге келді.
Ұсынымдар:
1)"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтарды жою және одан әрі қызметте болдырмау жөнінде қажетті бақылау шараларын қабылдасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу мәселелері бойынша бөлімде семинар өткізсін;
2)"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізуге; ;
3) Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 2 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асыру;