АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

Панфилов аудпнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысының (бұдан әрі- бөлім) 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №  49 бұйрығына сәйкес  2020 жылдың 24 желтоқсанан бастап 29 желтоқсан аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімдегі ішкі талдау  2020 жылдың  01 шілдесінен 29 желтоқсан жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін «Панфилов аудпнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемсінің  Ережесін беікту туралы Панфилов аудан әкімнің  2018 жылғы 24 сәуірдегі № 201 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төреағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйырығымен  бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар  бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімінің  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін ішкі талдау  мынандай бағыттар бойынша  жүзеге асырылды:

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын құқықтық актілер сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау,
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

  • Бөлім өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді

басшылыққа алады:

          - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңы»;

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 04.12.2015ж. № 434-V Заңы;

- "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III Заңы;

 - Приказ Министра здравоохранения и социального развития РК от 22.01.2015 года № 26 «О некоторых вопросах реабилитации инвалидов»;

         -  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы;

 

  • Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (коллизиялар,

олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.).

 

       Талдау барысында бірқатар мәселелер анықталды.         Сонымен, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы  №26 бұйрығы 4-тармақтың                     2-тарауына сәйкес,  қызмет алушының құжаттары сай келген жағдайда,  оларды  қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімдері өтініш берушіге міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін еркін нысандағы құжаттардың қабылдануы туралы хабарлама жібереді.

         Бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» стандартының 6-тармағына сәйкес құжаттары сай келген жағдайда,  оларды  қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімдері өтініш берушіге міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін еркін нысандағы құжаттардың қабылдануы туралы хабарламада мерзімі көрсетіле отырып жолданады делінген. Алайда жұмыспен қамту бөлімінің мамандары хабарламада мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды беру мерзімін көрсете алмайды, өйткені әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық өнімдерді, аудандық және қалалық бөлімдер арасында бөлуге жауапты.

            Осыған ұқсас жағдай «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге мүгедектер арбасын ұсыну»  стандарттарында да кездеседі.             Ұсынылады: Облыстық басқармаға  келесі стандарттар бойынша; «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы», «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге мүгедектер арбасын ұсыну»  хабарламаларда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін алып тастау бөлігінде, стандарттарға өзгеріс енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау.

 

 

  1. БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1.Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Панфилов  аудан әкімінің қаулысына  сәйкес бөлімнің  штат саны -11 бірлік, оның ішінде нақты саны -11 бірлік  2020 жылдың  01 шілде  - 25 желтоқсан аралығында кадрлардың  ауысуы болмады.

  • жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 7 адам жіберілді.

Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  туралы 2015 жылғы  қарашадағы  № 410-V ҚР Заңының 13-бабына  сәйкес  бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық  қатынастары анықталған жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша

Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысының болу фактілері анықталған жоқ.

2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

2.3.1. 2020 жылдың 26 маусымына бөліммен 2811 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бас тартулар мен шағымдар анықталған жоқ.

2.3.2. Дискрециялық мерзім мен өкілеттіктің болуы, әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.

2.3.3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестері Стандартта бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

3.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Жоқ.

4.Бақылау функцияларын іске асыру

4.1 01.07.2020-29.12.2020 жылдар аралығындағы талдау кезеңінде бөлімінде бақылаушы органдармен келесі тексеру болды:

Алматы облысы бойынша ішкі аудин басқармасымен ҚР-ның төтенше жағдай және шектеу шараларының енгізілуіне байланысты тұрғындардың кейбір топтарына азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін бюджеттік арнайы қаражатты (РБ-тен трансферттер) игеру бойынша жалпы сома 248 178,0 мың теңгеге заң бұзушылық анықталды.

2020 жылдың 27 қазандағы №52 бұйрығымен, бөлімше меңгерушісі Чинибаева Зинаткул Рақымжанқызына, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. 

  1. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

5.1.Талдау барысында "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша келесі заң бұзушылық анықталды:

«IBM-Notes» ақпараттық бағдарламасының істен шығуына байланысты, «Е-gov» порталы арқылы түскен азаматша Г.Дюсенбинованың өтініші мерзімінде тіркелмей, жауап берілген. Осы жағдай бойынша сектеор меңгерушісі Хизметов Масимжан Тельманұлы мен жетекші маман Асенова Маржан Тлегенқызына 21 тамыз 2020 жылғы №№18,19 бұйрықтарымен, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысына ұсыныс:

1) Облыстық басқармаға  келесі стандарттар бойынша; «Мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге мүгедектер арбасын ұсыну»  хабарламаларда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін алып тастау бөлігінде, стандарттарға өзгеріс енгізу туралы мәселеге бастамашылық етілсін.

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының анықтамаға қол қойған сәттен бастап 6-айдың ішінде, жұмыс тобы енгізген ұсыныстың орындалуының нәтижелері туралы талдау жүргізілсін.

Дата публикации
21 апреля 2021