«Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығындағы ІІ-жартыжылдықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығындағы екінші жартыжылдық кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлімнің бас маманы Қ. Мұсабеков  жауапты адам ретінде бекітілді.

2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде, ауданның кәсіпкерлік бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 Бөлімде 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығында нормативтік құқықтық актілер қабылданған жоқ.

  1. бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
  2. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Бөлім өз қызметінде:

  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі (2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ).
  • «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы;

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • Персоналды басқару,  соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

Кәсіпкерлік бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 4 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді.

Бүгінгі күнге дейін бекітілгені 4 штат, бос лауазым орны жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына сәйкес: 4 – қазақ ұлтының өкілдері  жұмыс істейді, оның ішінде 3 – ер адам, 1 әйел адам.

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

 1) бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

      2) бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

      3) бөлімнің  рұқсат беру функциялары жоқ;

      4) бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ;

 

Қорытынды

 

    Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргузі барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде кәсіпкерлік бөліміне түскен өтініш жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде аталған бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

Дата публикации
21 апреля 2021