Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының(бұдан әрі-Заң) 8 бабының 5 –тармағына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің 28 желтоқсан 2020 жылғы № 27 өкіміне сәйкес, Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратында 2020 жылдың II-жартыжылдық кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Панфилов ауданының «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Панфилов ауданының «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 203 қаулысымен бекітілген 7-қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
«Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың II-жартыжылдық кезеңінде қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің саны – 56. Оның ішінде 32-өкім, 24-шешім. Округ әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдерге прокуратура тарапынан наразылықтар жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны - 1. Бұл қызмет жеке тұлғаға көрсетілген, елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру туралы.
Округ әкіміне, осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ. Кей жағдайда округ әкімі қабылдаған шешімдер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шешім шығарар кезде байқалады.Бұл көбінесе тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзарту, не болмаса тұрғын үйге қызмет көрсету және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған жер телімдерін заңдастыру кезінде аудандық жер телімін бөліп беру комиссиясы отырысының қорытындысы 1 ай уақыт өтіп кеткеннен кейін келіп жатады.
Ескерілуге:
1) құқықтық білімді насихаттау бойынша дәрістерді тұрақты түрде өткізуді жалғастырса;
2) қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.
3) Аудан тұрғындарына,аудандық жер қатынастары бөліміне жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзартуға, аудандық жер учаскесін бөліп беру комиссиясы отырысының қорытындысын алуға өткізген құжаттарын аудандық жер қатынастары бөлімі 1 ай мерзімнен өткізбей қайтарып отырса.
2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Округ әкім аппаратында 2020 жылдың 1 штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді.
Бүгінгі күнге дейін бекітілген штаттың орны толық. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-7. Ұлттық құрам бойынша барлық 7 мемлекеттік қызметшілер –қазақ ұлтының өкілдері. Оның ішінде – 5 ер адам, 2- әйел адам. Кадрлық іс-жүргізу қойылған талаптарға сәйкес келеді және қалыпты деңгейде жүргізіледі.
Кадрлардың ауысуы бойынша.
Облыс бойынша кадрлардың нормативтік ауысуы 9 пайыздан аспауы деңгейінде негізделген, округ әкім аппаратында кадрлар ауысуы 2020 жылдың II-жартыжылдығында орын алған жоқ, бала күтіміне демалыста болған Д.Акынбаева 02.06.2020 жылғы №3 өкіммен жұмысқа қабылданды. Қалған мамандардың әрқайсысы өз орындарында қызмет атқаруда.
Басшыға және кадр жұмыстарына шағымдар түскен жоқ.
Ескерілуге: Кадрлардың ауыса беруіне жол бермеу.
2020 жылдың II-жартыжылдығында округ әкім аппаратына 26 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның 24-ы қанағаттандырылып, 2-не түсініктемелер берілді.
Округ әкімі аппаратында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп отырады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылы 18 қарашадағы №410 –V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес мекемеде 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарда мынадай іс-шаралар көзделген: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік сатып алулар жүргізу барысында айқындылықты сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басылымдарды бақылап отыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп отыру.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы округ әкім аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.