Шолақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 маусым № 21 қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкіміне сәйкес 2020 жылдың қаңтар мен маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Шолақай ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №457 қаулысы негізінде жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Округтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Панфилов ауданының «Шолақай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Кониституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.
«Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың 6 ай кезеңінде қабылдыған нормативтік құқықтық актілердің саны – 55, оның ішінде 33- өкім, 22- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
Алайда, Панфилов ауданы прокуратурасының 2020 жылғы 16 қазандағы №2-0415-20-02881 жолдаған ұсынымындағы аталған кемшіліктер атап айтқанда Құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жоспары бекітілген. Бекітілген жоспардан бөлек Панфилов аудандық ведомствоаралық комиссиясы жоспарларының толық және іс жүзінде мүлдем орындамау деректері тіркелген. Аталған жоспарлар басқа ауылдық округ жоспарларында қайтланған. Аталған кемшіліктер округ әкімі аппараты жауапты маманының өз жұмысына немқұрайлы қарауына байланысты Шолақай ауылдық округінің бас маманы А.Абдували аталған кемшіліктерді алдағы уақытта алдын алу туралы қол қойған (түсініктемесінде көрсетті) сол себепті бас маман Абдували Азамат Ерджанұлына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 7 бірлікті құрайды.Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақсан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі минстірлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта беікітілді. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 7 штаттың орны толық. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-7 Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер 3 – қазақ, 4 - ұйғыр ұлтының өкілдері. Оның ішінде - 4 ер адам, 3-әйел адам.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
Шолақай ауылдық округінің әкім аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
2020 жылдың 6 айында округ әкімі аппаратына 29 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. 3 - қанағаттандырылды, 26-на түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
1.АӘК комиссия мүшелеріне азаматтардың тұрмыс жағдайын тексеруге берген уақытты 15 күнге дейін созу.
2.Қазақстан Республикасы Жер кодексіне орай азаматтарды тұрғын үй салу үшін жер кезегіне қою тәртібі ауылдық округ әкімі аппараты арқылы жүргізіліп, бір жұмыс күні ішінде аудандық жер қатынастары бөліміне жіберіледі. Өз кезегінде аудандық жер қатынастары бөлімі өтінішті 12 жұмыс күні ішінде қарап, арнайы жер кезегіне орналастырады. Өтініш қорытындысын тапсыру үшін жер қатынастары бөлімі ауылдық округ әкімі аппаратына қорытындысын жібереді. Өтініш беруші өз өтінішінің қорытындысын онлайн және ыңғайлы бақылау үшін электронды портал немесе ХҚКО арқылы жүргізу.
Қорытынды
Шолақай ауылдық округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.