Үлкеншыған ауылдық округі бойынша 2020 жылдың екінші жарты жылдыққа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсан        № 44 өкім негізінде  2020 жылдың 28 желтоқсаннан 30 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. 

           Үлкеншыған ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы  «Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №203 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

           Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8- бабының 5- тармағына басшылыққа ала отырып келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

           Округтің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

             Панфилов ауданының «Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің аппара-ты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ,  Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №203 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.

           «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың 6 ай кезеңінде қабылданған ауылдық округ әкімнің актілерінің саны – 126. Оның ішінде 52- өкім,  74- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

.

     Мекеменің       ұйымдастырыушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

                 Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 10 бірлікті құрайды. Екі штат бос. Бүгінгі күнге округ әкімі  аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны -8. Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер – 6 қазақ ұлтының және 2 ұйғыр ұлтының өкілдері. Оның ішінде – 3 ер адам, 5-әйел адам.

          2020 жылдың екінші жарты жылдығында еңбек демалысына 4 адам жіберілді.

         Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ

        2020 жылдың  17 қаңтарында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі  туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 50-бабының  1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес:

       «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Гульнар Даутовна Сулеймановаға қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту  түріндегі тәртіптік  жаза берілді.

           2020 жылдың 24 ақпанында Үлкеншыған ауылдық округі әкімі Мақсат Оралұлы Оспанбековке  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан  Республикасы Президентінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы 152 жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және кемшіліктерге жол беріп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5- тармағының 3), 11) тармақшаларының қағидаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді.       

           Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар тіркелген жоқ.

           Есептік кезеңде Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

        Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы округ әкімдігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

                                           Мүдделер қақтығысын реттеу

 

               Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

                                        2) Мемлекеттік қызмет көрсету

          2020 жылдың екінші жарты жылында округ әкімі аппаратына 96 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның қанағаттандырылғаны -75, 12-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

           Округ әкімі аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ;

           Округ әкімі аппаратының  қызметкерлері Қазақстан Республикасы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына  сәйкес  мемлекеттік қызметкерлер  табыстар туралы (декларация) мәліметті толық өткізді.

         Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс - шаралар бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөліміне ұсынылады.

          Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

           Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Қорытынды

           Үлкеншыған ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. 

Дата публикации
21 апреля 2021