Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі ведомстаралық комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Үшарал ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылдың екінші жартыжылдық кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізілді.
Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3 қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
4.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау;
3.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.
Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3 қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Үшарал ауылдық округі әкімі 2020 жылдың екінгі жартыжылдығы кезеңінде қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің саны- 84 оның 55-өкім, 29 -шешім. 15 - тұрғын үй салуға жер телімін алушылардың кезегіне қою, Балаларды мектепке дейін тегін тасымалдау -49 анықтамалар берілген.
Округ әкіміне, осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
4.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.
Округ әкімі аппаратында 2020 жылдың 01 желтоқсанына штаттық кестеге сәйкес мекеменің мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 8 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша депортаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді. 1 бас маман мен 1 жетекші маман қашықтан оқыту арқылы өздерінің біліктілігін көтеру курстарынан өтті.
Бүгінгі күнге дейін бекітілген 8 штаттың орны толық. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-8.Ұлттық құрам бойынша 7- мемлекеттік қызметшілердің 7- уі ер адам қазақ ұлтының өкілдері, 1-уі әйел адам ұйғыр ұлтының өкілі.
Кадрлардың ауысуы бойынша.
Облыс бойынша кадрлардың нормативтік ауысуы 9 пайыздан аспауы деңгейінде негізделген, округ әкімі аппаратында кадрлар ауысуы 2020 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған жоқ, әкім аппаратының мамандары әрқайсысы өз орындарында қызмет атқаруда.
Ескертілуге: Кадрлардың жиі жөнсіз ауысып жұмыс атқаруына жол бермеу.
2020 жылдың екінші жартыжылдығында округ әкімі аппаратына 43 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштер заңды тұлғалардан-1дана,жеке тұлғалардан-42 дана. Оның 11- өтініші қанағаттандырылып, 32- өтінішке түсініктемелер берілді.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге жұмыс атқаруы бойынша, округ әкімі аппаратында ондай жағдайлар кездеспейді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы округ әкімі аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктері анықталмады деген шешімге келді.