Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың 03 ақпандағы Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы №07 өкімі негізінде 2020 жылдың 01 шілдесі мен 31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Аппарат ішкі талдау 2020 жылдың 01 шілдесінен 31  желтоқсан жұмыс кезеңін қамтиды.

           Аппарат өз қызметін Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №203 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Аппараттың миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының Үлкенағаш ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Аппараттың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1.Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V мемлекеттік қызмет туралы Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы;

          - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңы;

         - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

         - Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;

         - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV бюджет кодексі;

         - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV салық кодексі;

         - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 жер кодексі;

         - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V еңбек кодексі;

         -Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №278 қаулысы;

         - Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V мемлекеттік сатып алу туралы Заңы.

 

2.Аппараттың ұйымдық басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Панфилов ауданы әкімінің штаттық кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлер саны 6 бірлікті құрайды. Бос лауазым орындары жоқ. 2020 жылдың 20  мамырынан бастап 1 мемлекеттік қызметкер бала күтіміне байланысты ақысыз демалысқа кетті. 2020 жылдың 16 маусымынан бастап 1 техникалық қызметкер бала күтіміне байланысты ақысыз демалысқа кетті. 

2020 жылдың  1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығында жұмыстан босатылған қызметкерлер болмады.

2020 жылдың жыл сайынға еңбек демалысына 4 адам жіберілді.

Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы  18 қарашадағы  № 410 – V ҚРЗ заңының 14 бабына сәйкес аппарат қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

          Аппаратта Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы  18 қарашадағы  № 410 – V ҚРЗ заңының 15 бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшіден шағым түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету

 

         «Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ келесідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығы сәйкес) 

- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына сәйкес)

-      «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес)

-     «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін уақытша атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы сәйкес)

-     «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына сәйкес)

-     «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін уақытша атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы сәйкес)

-Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен )

 Талдау жүргізу нәтижесінде 2020 жылдың 1 шілдесімен 31 желтоқсан аралығында барлық көрсетілген мемлекеттер қызметтер саны – 36, Оның ішінде электрондық Үкімет парталы арқылы - 2, жер учаскесін алу үшін кезекке қою -14, «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша  - 20 қызмет, Бас тартылған қызметтер жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша шағым түскен жоқ.  

  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппараттық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 46-0-72 тұрақты жұмыс істейді. Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 6 шілде айында "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қызмет алушыларға түсіндіру туралы, 9 тамызында "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтерді қызмет алушыларға түсіндіру туралы, 28 қарашасында ."Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қызмет алушыларға түсіндіру туралы, 8 желтоқсанында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер» туралы  қызмет алушыларға  түсіндіру туралы дөңгелек үстелдер өткізілді.

 2020 жылдың 6 айында округ әкіміне 18 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 18 жазбаша өтініш. Олардың ішінде жеке тұлғалардан 18 өтініш, заңды тұлғалардан жоқ.

Аппарат бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

 

Қорытынды

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. Алайда, нотариалдық іс-әрекеттердің іске асыру кезінде қиындықтар туындайды, себебі азаматтар тікелей әкімшілікке келіп бірден жазып беруді сұрайды. Біз бірінші почтаға жіберіп мемлекетке түсетін соманы жазып беріп, төленген түбіртек арқылы іске асырамыз. Ұсыныс: Бұл қызмет түрін ХҚКО арқылы жіберілгені туралы ұсынысты ұсынамыз. Ұсыныс: Екінші ұсыныс атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінішті де ХҚКО арқылы келіп тағайындауды ұсынамыз, себебі азаматтар тікелей әкімшілікке келіп өтініштерін бірден өткізіп жіберуді  сұрап қиындықтар туғызады.

Ұсыныс: Үшінші бір мәселе көктемде және күзге дейін азаматтарды қоғамдық жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілікке тікелей келіп қоғамдық жұмысқа қабылдауын сұрайды. Қоғамдық жұмысқа қабылдау саны шектеулі болғандықтан қиындықтар туғызады. сол себепті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдауды сұраймыз.

Дата публикации
21 апреля 2021