Панфилов ауданының Талды ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 21 өкіміне Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкімі негізінде 2020 жылдың 01 шілдемен 31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Округтегі ішкі талдау 2020 жылдың 1 шілдемен 31 желоқсан аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Панфилов ауданының «Талды ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Талды ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1.Талды ауылдық округінде қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.Талды ауылдық округінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Округ әкімі аппараты өз қызметінде:
Панфилов ауданының «Талды ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Панфилов ауданының қаулысына сәйкес округте штат саны - 8 бірлікті құрайды.
2020 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 8 адам жіберілді.
Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Қорытынды
«Талды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлар анықталды. Себебі өздеріне жүктелген міндеттерін тиісінше орындамады.
Олар аудан прокуратурасының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-0415-19-02995 ұсынысы бойынша округ әкімі орынбасары Н.О.Сейтакуноваға, бас маман Т.Батыркуловқа, 09.04.2020 жылғы № 2-0415-20-01125 ұсынысы бойынша бас маман Д.Кожабергеновке, 21.04.2020 жылғы№ 2-0415-20-01219 ұсынысы бойынша С.Жүнісовке, 2020 жылғы 8 маусымдағы № 2-0415-20-01710 ұсынысыбойынша бас маман Д.Нұрмауленовке тәртіптік жаза қолданылды. Б.Садыковқа жұмыс орнында тәртіпсіздік қылық көрсетіп жұмысын тиісінше атқармағаны үшін ауызша ескерту берілді.