Сарыбел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 09 қаңтар № 03 қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкіміне сәйкес 2020 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сарыбел ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №457 қаулысы негізінде жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Округтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Панфилов ауданының «Сарыбел ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Кониституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.
«Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың 12 ай кезеңінде қабылдыған нормативтік құқықтық актілердің саны – 111 Оның ішінде 71 - өкім, 40- шешім. Тәртіптік жаза алған мамандар саны 5 маман, 3 маман ескерту түріндегі тәртіптік жаза, 2 маман қатаң түрдегі тәртіптік жаза. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 8 бірлікті құрайды. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 8 штаттың орны толық. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-8 Ұлттық құрам бойынша барлық 8 мемлекеттік қызметшілер – қазақ ұлтының өкілдері. Оның ішінде - 4 ер адам, 4-әйел адам.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
Сарыбел ауылдық округінің әкім аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
2020 жылдың 12 айында округ әкімі аппаратына 30 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің 29 жеке тұлғалардан, 1 заңды тұлғадан. Оның 30-ы қанағаттандырылды.
2020 жылдың 12 айында округ әкімі аппаратына жалпы 44 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштер жеке тұлғалардан. Оның 27 - сі жазбаша өтініш, 27-не жазбаша жауап қайтарылды. Әкімнің ауызша қабылдауына 17- азаматтар қабылданды. 13- шешілді, 4-не түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Қорытынды
Сарыбел ауылдық округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне 2020 жылдың 12 айында ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. Алайда Сарыбел ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері арасында тәртіптік жаза алған мамандар саны 5 маман, 3 маман ескерту түріндегі тәртіптік жаза, 2 маман қатаң түрдегі тәртіптік жаза алған, алайда әзіргі уақытта барлық мамандардан тәртіптік жаза алынды.