Жаскент ауылдық округі бойынша 2020 жылдың 12 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Жаскент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 маусым № 22 қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкіміне сәйкес 2020 жылдың  қаңтар мен  желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Жаскент ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы  «Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №457 қаулысы негізінде жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

         Округтің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Кониституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.

           «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың 12 ай кезеңінде қабылдыған нормативтік құқықтық актілердің саны – 146 Оның ішінде  84- өкім,  62- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ. Алайда, округ әкімі қабылдаған шешімдер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Панфилов ауданы прокуратурасының 2020 жылғы 8 маусымдамғы №2-0415-20-017140 жолдаған ұсынымындағы аталған кемшіліктер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау  тәртібі туралы» атап айтқанда, Жаскент ауылдық округінде 2019ж №ЖТ-А-19, ЖТ-К-08, ЖТ-Д-22 санды өтініштер келіп түскен. Алайда талдау көрсеткендей осы аталған өтінішерге бүгінгі күнге дейін жауып берілмей, өтініштерге жауапты Жаскент ауылдық округінің бас маманы А.Галиева өтініш иесінің атынан жауабын алғандығы  туралы қол қойған ( түсініктемесінде көрсетті) сол себепті оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 2-ші тармақшасына сәйкес: «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  бас маманы Галиева Айжан Бауыржанқызына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Тағы  басқада сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдері шешім шығарар кезде байқалады. Ол жағдайлар көбінесе тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзарту, не болмаса тұрғын үйге қызмет көрсету және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған жер телімдерін заңдастыру кезінде аудандық жер комиссиясының қортындысы 2 ай уақыт өтіп кеткеннен кейін келіп жатады.

Ескертілуге: Аудандық жер қатынастары бөлімі шешімдердің мерзімін аудандық жер комиссиясына ұзартуға берген құжаттарды 1 ай мерзімнен өткізбей беріп отырса.

 

 

  1. Мекеменің   ұйымдастрыушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 7 бірлікті құрайды

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

 

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

Жаскент ауылдық округінің әкім аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 

 

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2020 жылдың 12 айында округ әкімі аппаратына 73 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштері жеке тұлғалардан. Оның 73-сі жазбаша беріліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әкімнің  ауызша қабылдауында 30- азаматтар қабылданды, 10-ы шешілді, 20-на түсіндірме жұмысы жүргізілді.

 

Қорытынды

Жаскент ауылдық округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  анықталды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау  тәртібі туралы» атап айтқанда, Жаскент ауылдық округінде 2019ж №ЖТ-А-19, ЖТ-К-08, ЖТ-Д-22 санды өтініштер келіп түскен. Алайда талдау көрсеткендей осы аталған өтінішерге бүгінгі күнге дейін жауып берілмей, өтініштерге жауапты Жаскент ауылдық округінің бас маманы А.Галиева өтініш иесінің атынан жауабын алғандығы  туралы қол қойған ( түсініктемесінде көрсетті) сол себепті  бас маманы Галиева Айжан Бауыржанқызына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.       Аудандық жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қортындысының мерзімін 1 ай мерзімнен өткізбей өз уақытында орындау қажет.

1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңы қабылдау және орындалу тәртібі жүргізілсін.

Дата публикации
21 апреля 2021