«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
«Жаркент қаласы әкімінің аппраты» ММ, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі №22, телефон: 5-22-31, zharkent_akimat2017@mail.ru
І. КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 8 бабының 5 тармағына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Жаркент қаласының әкімінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 31 өкіміне сәйкес, Жаркент қаласы әкімі аппаратында 2020 жылдың екінші жарты жылдық яғни 30 маусым мен 31 желтоқсан айларының кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Панфилов ауданының «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Президенті мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігі 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырады.
Мемлкекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
а) Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
б) Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Панфилов ауданының «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәурдегі №203 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.
«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың екінші жарты жылдың кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілердің саны – 380. Оның ішінде 44 - өкім, 336 - шешім. Жаркент қаласы әкімінің аппаратына осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ. Алайда, қала әкімі қабылдаған шешімдер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шешім шығарар кезде байқалады. Ол жағдайлар көбінесе тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзарту, не болмаса тұрғын үйге қызмет көрсету және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған жер телімдерін заңдастыру кезінде аудандық жер комиссиясының қортындысы 1 ай уақыт өтіп кеткеннен кейін келіп жатады.
Панфилов ауданының «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Президенті мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ БӨЛІМ
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТРЫУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.
Жаркент қаласы әкімінің аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 10 бірлікті құрайды. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 10 штат. Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер – 7 қазақ ұлтының 3 ұйғыр ұлтының өкілдері. Оның ішінде – 5 ер адам, 5-әйел адам.
2020 жылда екінші жарты жылдығында еңбек демалысына 4 адам жіберілді.
Жаркент қаласында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V КЗР заңының 14 бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
Аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарды тексеру барысында, егістіу жер телімін азаматтарға мақсатты игеруге берілген болған.
Алайда, жер телімін тіпті игермеген, оған қарамастан жергілікті атқарушы органның атап айтқанда Жаркент қаласы әкімі аппаратының бас маманы К.Масимов тексеру барысында болған жағдайды біле тура ешқандай шара қолданбаған. Сол себепті көрсетілген лауазымды маман К.Масимов 2020 жылдың 05 тамыз айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңынын 50-бабының, 1-тармағының, 4 тармақшасына сәйкес теріс қылықтар жасағаны үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
2020 жылы 03 қыркүйек №15ө ж/қ Р.Д.Джарилкасиноваға жүктелген және босануға байланысты демалыс берілді.
2020 жылы 07 қыркүйек №16ө ж/қ С.Тілегенге 14 сәуір 2020 жылы берілген тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.
2020 жылы 08 қыркүйек №17 ө ж/қ С.Кадыроваға Жаркент қаласы әкімі аппаратының бөлімше жетекшісі Р.Джарилкасинованың міндеті жүктелді.
2020 жылы 15 қыркұйек №18 ө ж/қ С.Тлегенге аудиторлық есеп комиссияның тексеру бойынша, міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ескерту түрінде жаза қолданылды.
2020 жылы 24 қыркүйек №169-ө ж/қ Жаркент қаласы әкімі Б.Омаров еңбек демалысы берілді.
2020 жылы 05 қазан №172-ө ж/қ Жакрент қаласы әкімінің міндеті Жаркент қаласы әкімінің орныбасары Х.Ахметовке жүктелді.
2020 жылы 26 қазанда №19-ө ж/қ С.Кадыроваға өзіне жүктелген міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылды.
2020жылы 09 қараша №20-ө ж/қ А.Кудеровтың міндетін тиісінше орындамағаны үшін берілген тәртәптәк жаза мерзімінен бұрын алынды.
2020жылы 03 желтоқсан №21-ө ж/қ С Кадыроваға анасының Паркинсон синдромымен ауруына байланысты материалдық көмек көрсетілді.
2020 жылы 07 желтоқсан №22-ө ж/қ Р.Джарилкасиноваға босануыа байланысты материалдық көиек көрсетілді.
2020 жылы 11 желтоқсан №23- ж/қ С.Тлегенге куйуінің авто көлік оқиғасына тап болуына байланысты материалдық көмек көрсетілді.
2020 жылы 21 желтоқсан №24-ө ж/қ С.Тлегенге міндетін тиісінше орындамағаны үшін берілген тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.
2020 жылы 25 желтоқсан №25-ө ж/қ Еңбек шарты аяқталуына байланысты Жаркент қаласы әкімінің орынбасары жұмыстан босатылды.
2020 жылы 29 желтоқсан №26-ө ж/қ Р.Джарислкасинова босануына байланысты демалыс берілді.
2020 жылы 01 шілді №5-ө ж/қ М.Раисовты Жаркент қаласы әкімі аппаратының авто көлік жүргізушісі болып жұмысқа қабылданды.
2020 жылы 02 қараша №7-ө ж/қ Б.Бекен Жаркент қаласы әкімі аппратының мекемесінде спорт әдіскері, өз еркімен жұмыстан бостылды.
2020 жылы 02 шілде №6 ө ж/қ Д.Сейтқазы Жаркент қаласы әкімі аппратының мекемесінде уақытша жастар ісі жөніндегі әдіскер болып жұмысқа қабылданды.
2020 жылы 03 қараша №8-ө ж/қ Д.Сейтқазы ауыстыру тәртібімен уақытша жастар ісі жөніндегі әдіскер мамандығынан бос орын спорт әдіскері болып қабылданды.
2020 жылы 06 қараша №9-ө ж/қ М.Раисовты Жаркент қаласы әкімі аппаратының авто көлік жүргізушісіне әкесі қайтыс болғандықтан материалдық көмек көрсетілді.
2020 жылы 23 қараша №10-ө ж/қ Т.Ибрагимов уақытша жастар ісі жөніндегі әдіскер болып жұмысқа қабылданды.
2020 жылы 07 желтоқсан №11-ө ж/қ М.Ермешке босануына байланысты материалдық көмек көрсетілді.
2018 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес:
«Жаркент қаласы әкімі аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары Ибрагимова Молдир Касеновна, «Жаркент қаласы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Касимжан Ашимахунович Масимовқа, «Жаркент қаласы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Санам Хакимжановна Кадыроваға, «Жаркент қаласы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Медет Арманович Бексейтовке 2020 жылдың 24 қаңтарда берілген ескерту түріндегі тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды. 2020 жылдың 12 маусымда «Жаркент қаласы әкімі аппараты» ММ-нің бөлімше жетекшісі Райхан Куралбаевна Джарилкасиноваға, 2020 жылдың 19 маусымында «Жаркент қаласы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Алтай Нусипбаевич Кудеровке ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар тіркелген жоқ.
Есептік кезеңде Жаркент қаласы әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы округ әкімдігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ
Мүдделер қақтығысын реттеу Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V КЗР заңының 14 бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемелекеттік қызметкерлер табыстар туралы (декларация) мәліметті өткізді.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөліміне ұсынылады.
«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер
- Сауда саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу
- Жер учаскесіне нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
- Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес көрсетілген қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Электронды түрде қызмет алу бұрышы ұйымдастырылған.
Сенім телефоны: 5-22-31 тұрақты түрде жұмыс істейді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ;
- Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады;
- Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ;
ҰСЫНЫСТАР:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынамыз:
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020жылғы 06 айдың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесі бойынша мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде,ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер
Панфилов ауданы «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.