Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының(бұдан әрі-Заң) 8 бабының 5 –тармағына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Басқұншы ауылдық округі әкімінің 21 желтоқсан 2020 жылғы № 59 өкіміне сәйкес, Басқұншы ауылдық округі әкімі аппаратында 2020 жылдың II-жартыжылдық кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Панфилов ауданының «Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Панфилов ауданының «Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
«Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың II-жартыжылдық кезеңінде қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің саны – 90. Оның ішінде 55-өкім, 35-шешім. Округ әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдерге прокуратура тарапынан наразылықтар жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны - 7. Оның 7-інің барлығы жеке тұлғаға. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің 5-і елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру туралы, 1-уі бұрынғы пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу жолымен алу туралы, 1-уі жер учаскесін алу үшін кезекке қою туралы.
Округ әкіміне, осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ. Алайда, округ әкімі қабылдаған шешімдер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шешім шығарар кезде байқалады. Ол жағдайлар көбінесе тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзарту, не болмаса тұрғын үйге қызмет көрсету және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған жер телімдерін заңдастыру кезінде аудандық жер телімін бөліп беру комиссиясы отырысының қорытындысы 1 ай уақыт өтіп кеткеннен кейін келіп жатады.
Ескерілуге: Аудан тұрғындарына, аудандық жер қатынастары бөліміне жер телімдерінің пайдалану мерзімдерін ұзартуға, аудандық жер учаскесін бөліп беру комиссиясы отырысының қорытындысын алуға өткізген құжаттарын аудандық жер қатынастары бөлімі 1 ай мерзімнен өткізбей қайтарып отырса.
2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Округ әкім аппаратында 2020 жылдың 1 штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 8 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді.
Бүгінгі күнге дейін бекітілген 8 штаттың орны толық. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-8. Ұлттық құрам бойынша барлық 8 мемлекеттік қызметшілер –қазақ ұлтының өкілдері. Оның ішінде – 5 ер адам, 3- әйел адам.
Кадрлардың ауысуы бойынша.
Облыс бойынша кадрлардың нормативтік ауысуы 9 пайыздан аспауы деңгейінде негізделген, округ әкім аппаратында кадрлар ауысуы 2020 жылдың II-жартыжылдығында орын алған жоқ, тек, бала күтіміне байланысты демалысқа кеткен Ә.Жұрынованың орнына 13.08.2020 жылғы №1 өкіммен С.Абдракумов уақытша жұмысқа қабылданды. Алайда, уақытша жұмысқа қабылданған С.Абдракумов 12.10.2020 жылғы № 3 өкім бойынша басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен оның өтініші негізінде жұмыстан босатылды. Қалған мамандардың әрқайсысы өз орындарында қызмет атқаруда.
Ескерілуге: Кадрлардың ауыса беруіне жол бермеу.
2020 жылдың II-жартыжылдығында округ әкім аппаратына 48 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның 36-ы қанағаттандырылып, 12-не түсініктемелер берілді.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге жұмыс атқаруы бойынша, округ әкім аппаратында ондай жағдайлар кездеспейді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы округ әкім аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.