Айдарлы ауылдық округі бойынша 2020 жылдың 12 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Айдарлы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 01 шілдедегі № 25 қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкіміне сәйкес 2020 жылдың  қаңтар мен  желтоқсан айлар аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Айдарлы ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы  «Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №457 қаулысы негізінде жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

         Округтің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мекеменің ұйымдастырушылы-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Панфилов ауданының «Айдарлы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Кониституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №474 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.

           «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2020 жылдың 12 ай кезеңінде қабылдыған нормативтік құқықтық актілердің саны – 93 Оның ішінде  79- өкім,  14- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

 

 

Алайда округ әкімі қабылдаған шешімдер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Панфилов ауданы прокуратурасының 2020 жылғы 09 сәуірдегі № 2-0415-20-01125 жолдаған ұсынымындағы аталған кемшіліктер: Қазақстан Республикасы Үкметінің 11.05.2018 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» № 256 қаулысының 6 тармағына сәйкес, іссапарларға жіберілген қызметкерлерге іссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойыша  шығыстарды төлеуге тиесілі сомалар  және тәулікақы беріледі. Осылайша іссапарға жіберілетін қызметкерлерге оның шығындары іссапарға кеттер алдында төленуі тиіс. Дегенмен, Айдарлы ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің 2 қызметкерлеріне бұл заңнамалар талаптары сақталмай, қызметкерлеге күні бүгінге іссапралар шығындары кешіктіріп төленгені анықталған. Алайда талдау көрсеткендей осы аталған іссапарларға шығыстарын төлеуге жауапты Айдарлы ауылдық округінің бас маманы (бухгалтер) Д. Қуат сол себепті оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабына сәйкес: «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  бас маманы Қуат Дәурен Қуатұлына 2020 жылдың 13 сәуір № 1 өкім бойынша сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Панфилов ауданы прокуратурасының екінші тексеріс кезінде 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 2-0415-20-01219 жолдаған ұсынымындағы аталған кемшіліктер: Панфилов ауданы аумағында көктемгі су тасқындары салдарынан қауіпті аймақтардың бар екені баршаға мәлім. Табиғи апаттар нәтижесінде экономика мен халыққа зиян келтіріледі. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы алдағы су тасқынына дайындық кезінде жергілікті атқарушы орган азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың сақтауына талдау жүргізді. Айдарлы ауылдық округіне қарасты су соруға арналған мотопомпа 2018 жылдан бері мүлдем пайдаланылмаған істен шықан болып табылды. Алайда талдау көрсеткендей осы аталған төтенше жағдайға жауапты Айдарлы ауылдық округінің бас маманы Д. Маралбаев сол себепті оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабына сәйкес: «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  бас маманы Маралбаев Дарын Мейрамұлына 2020 жылдың 04 мамыр № 2 өкім бойынша сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

          Округ әкімі аппараты өз қызметінде

 

Панфилов ауданының «Айдарлы ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

  1. Мекеменің   ұйымдастрыушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 5 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақсан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі минстірлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта беікітілді. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 5 штаттың орны толық. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-5 Ұлттық құрам бойынша барлық 5 мемлекеттік қызметшілер – қазақ ұлтының өкілдері. Оның ішінде - 4 ер адам, 1-әйел адам.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

Айдарлы ауылдық округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 

 

 

 

  • Ұсыныстар

 

  1. Атаулы әлеуметтік көмекке өткізетін азаматтарды үйден егов арқылы құжаттарын өткізсе біз тек комиссия боп барып, жауабын электронды түрде жіберіп, өтініш иелері өздері көріп отырса.
  2. АӘК комиссия мүшелеріне берген уақытты 15 күнге дейін созса.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 

     «Айарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
    білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
    тасымалдауды ұсыну
  • Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек
    алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
  • Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері)
  • Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату (МО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі)

 

Сонымен қатар «Egov» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 39-3-46 тұрақты жұмыс істейді.

 

Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылдық 12 айында жеке және заңды тұлғалардың  6 жүгінулері тіркелді. Оның 2 жазбаша, 4 ауызша өтініш, шағымдардың барлығы дерлік белгіленген мерзімде қаралып, жауаптары берілді.

 

Қорытынды

Айдарлы ауылдық округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, сол себепті Айдарлы ауылдық округінің бас маманы Қуат Дәурен Қуатұлына 2020 жылдың 13 сәуір № 1 өкім бойынша сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.  Сонмен қаттар Айдарлы ауылдық округінің бас маманы Маралбаев Дарын Мейрамұлына 2020 жылдың 04 мамыр № 2 өкім бойынша сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Дата публикации
21 апреля 2021