«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары осы қаулының 1– қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Панфилов ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның құрамы және ережесі осы қаулының 2, 3 – қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Панфилов ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне енгізілсін.
- Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» № 620 қаулысы жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбановқа жүктелсін.