«Панфилов ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2019 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға Республикалық бюджеттен қаражаты есебінен 734613,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Конкурстың біріңғай ұйымдастырушы ретінде Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы «Алматы облысы, Панфилов ауданы, Кішішыған ауылының су жүйелерінің құрлысы мен қайта жаңғыртылу нысанының жұмыстары» ашық конкурс өткізді. Конкурстың қорытындысына сәйкес "Сапа құрлыс 2007" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН 070340007367 соммасы 775352.5мың теңгеге жеңімпаз болып танылды. Құрылыс монтаж жұмыстары 2019 жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталды.
Қосымша : Орындалған жұмыстар актісі мен жұмысты қабылдап алу актісі түсіндірме жазбамен бірге салынды.