Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының     2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының         1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Панфилов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының «Бюджет, экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
30 марта 2021