Ұйғыр ауданының әкімдігі конкурс жариялайтындығын хабарлайды

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 – бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 12 сәуірі сағат 09.00-ден бастап 30 сәуірі сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдерді ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, К.Исламов көшесі, №70 Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының 2 қабаты «Ұйғыр ауданының жер қатынасары бөлімі» ММ-і                         15 кабинеті мекен жайынан алуға болады.

Конкурс ағымдағы жылдың 04 мамыр сағ 15:00, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді, Мекен-жайы: Шонжы а/о, Раджибаев көшесі №73

Дата публикации
10 марта 2021