Аудан аумағы 10,58 мың шаршы шақырым құрайды.
Аудан халқының саны 2020 жылғы 1 желтоқсанға 130,5 мың адам.
Елді мекендердің саны: 1 қала, 41 ауылдық елді мекен, 13 ауылдық округтер.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар- 86,7 мың адам (66,4%), ұйғырлар- 37,4 мың адам (28,7%), орыстар-4,6 мың адам (3,5%), басқалар-1,8 мың адам (1,4%).
1.Өнеркәсіп және ИИДМБ (индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы)
Өнеркәсіп өндірісінде 17,5 млрд.теңгеге өнім өндіріліп (2019 жылы -14,2 млрд. теңге), 2019 жылға нақты көлем индексі 109,4% -ды құрады.
2.Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 51,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі 103,4%-ды құрады.
Мал шаруашылығында ет 19999 тонна өндіріліп, 2019 жылға 104,1% құрады, сүт 44520 тонна (103,4%), жұмыртқа 6730 мың дана (103,0%) құрады.
Ірі қара малының саны 85,1 мың бас (110,6%), қой мен ешкі 281 мың бас (101,0%), жылқы – 19,9 мың бас (107,1%) және құс 91,5 мың бас (100,0%) құрады.
3.Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,8 мың бірлікті құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 3,1 млрд.теңге салық төлемдері түсті, немесе 2019 жылмен салыстырғанда 443,4 млн. теңгеге азайды (2019 ж. 3,5 млрд.теңге).
Бөлшек тауар сауда айналымының көлемі 13,3 млрд.теңге немесе 2019 жылмен салыстырғанда 100,0% құрады.
4.Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 25,3 млрд.теңге, НКИ- 61,0%.
5.Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,6 млрд.теңгені, НКИ- 100,4% құрады.
Есепті мерзімде 22,1 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 91,1% құрады.
6.Жұмыспен қамту
Жұмыссыздық деңгейі 4,8% (3078 жұмыссыз)
Экономикалық белсенді халықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 27,6% (17,7 мың адам).
2020 жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық жалақы 154,2 мың теңгені құрады.
7.Салықтар және бюджет
Мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер 21,4 млрд.теңге түсіп, болжам 102,4%-ға орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 13,0 млрд.теңге немесе 100,1%, жергілікті бюджетке 8,4 млрд.теңге немесе 106,4%, аудандық бюджетке 5,8 млрд.теңге жиналып немесе 106,5%.
Аудан бюджеті 2020 жылға 24,1 млрд.теңгені құрады.Трансферттер мен субвенциялар үлесі 75,9% (18,4 млрд.теңге).
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 25,7 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 98,8%-ды құрады.
8.Әлеуметтік сала
2020 жылы 5014 жаңа жұмыс орны құрылып, 2019 жылмен салыстырғанда 1640 бірлікке артты.
Мемлекеттік атаулы көмек аз қамтылған 1362 отбасына (7309 адамға) 664,3 млн.теңге тағайындалып, төленді.
Жұмыспен қамту орталығында 4912 жұмыссыз тіркелді, нақты 7062 жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыспен 2284 адам, әлеуметтік жұмыспен 75 адам, жастар тәжірибесімен 134 адам қамтамасыз етілді.
Ауданда 50 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде: 45 орта, оның ішінде 45 орта, 1 негізгі, 4 бастауыш мектеп. Онда 26293 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі мекемелер саны - 79, оның ішінде: мемлекеттік - 12, жеке - 37, мектеп жанындағы шағын орталықтар - 30. Бала бақшалар мен шағын орталықтарда 5630 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,5% құрайды.
Ауданда 42 медициналық мекеме жұмыс істейді. Онда 210 дәрігер, 1100 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 16,1 және орта медициналық қызметкерлермен 84,3 құрайды.
9.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Панфилов ауданы бойынша сумен жабдықтау желілері 475 км (оның 230 км жөндеуді қажет етеді), су бұру желілері 37,2 км (оның 27 км жөндеуді қажет етеді) құрайды. Елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 97,6% құрайды.
10.Жолдар
2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 1047,5 млн. теңге игерілді.
11.Қылмыс
Қоғамдық тәртіп саласында жалпы 534 қылмыс тіркеліп, 2019 жылдың жылмен салыстырғанда 23,6%-да құрады. Қылмысты ашу 6,5% өсіп, 80,1% құрады (2019 жылы-75,2% болған).