Алматы облысы Панфилов ауданы бойынша 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2020 жылдың 12 айында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 83 түрі көрсетілді

Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 32235. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 755;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 2066;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 17060;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 7027;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3716;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1611.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы – 304,  оның ішінде негізді бас тартудың саны – 304, оның ішінде электронды түрде – 304. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 105. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық      саны –1582.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2020 жылдың І тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 5.

I тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 5 («Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының білім      бөлімі» ММ, «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ, «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Рақышұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ).

IІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 6 («Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, Панфилов ауданы «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Балдырған» балабақшасы» МКҚК).

IІІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 4 («Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»).

IV тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 4 («Панфилов ауданының «Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Панфилов ауданы «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК, «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ).

І тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

ІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0. ІІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

           ІV тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, стандарт пен регламент  мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, венеринария бөлімі және медицианалық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы 8661 (I тоқсанда 921, ІІ тоқсанда 1514, ІІІ тоқсанда 5292, ІV тоқсанда 934) қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Тұрғындарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алуға оқыту жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес ХҚКО аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп оқыту семинарларына барлығы 4390 адам қатысты (І тоқсанда 497, ІІ тоқсанда 0, ІІІ тоқсанда 0, ІV тоқсанда 3893), оның ішінде оқушылар, әлеуметтік жағынан әлжуаз топтар да қамтылды (Жаркент қаласы және 13 ауылдық округ).

 «Ашық мемлекет» атты тақырыпта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі 4 мәрте өткізіліп 615 адам қамтылды. Атап айтқанда 2020 жылдың 23 қаңтарында Сұптай ауылында 55 адам, 24 қаңтарда Жаркент қаласында 320 адам, 24 қаңтарда Жаркент қаласында 150 адам, 21 ақпанда Шолақай ауылында 90 адам қамтылды. Жәрмеңкеге Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттарының, аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 173 іс-шара өтіп 13091 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 13911 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 76 мақала жарияланды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында аудан бойынша 31 билборд ілінді.

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы әкімінің аппаратында «Open space» жобасы жүзеге асырылды. Жаркент қаласының әкімі стандартты жұмыс кабинетінен бас тартып, ашық алаңда орналасқан кабинетке көшіп,  «Open space» режимінде халыққа қызмет көрсетуде.  

          Панфилов ауданы бойынша «Сервистік әкімдік» Жаркент қаласы әкімдігінің ғимаратында 2020 жылдың 8 желтоқсанында ашылды.

Жыл басынан 1 бейнесюжет түсіріліп, телеарнада көрсетілді (1. «Onlaın qabyldaý» бұрышы). Түсірілген бейнероликтер саны – 3.

         2020 жылдың 28 ақпанында «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының Депутаттық фракция отырысында Панфилов ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Сқақовтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі есебі» және 2020 жылдың 28 мамырында Көктал ауылдық округінің әкімі Б.Нуреловтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі есебі» қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

         Сонымен қатар, Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында 2020 жылдың 28 ақпанында Шолақай ауылдық округінің әкімі Т.Асматулаевтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі», 2020 жылдың 10 маусымында Пенжім ауылдық округінің әкімі Е.Оспанбаевтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі», 2020 жылдың 15 қыркүйегінде Сарыбел ауылдық округінің әкімі М.Дулатовтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі»  2020 жылдың 26 қарашасында Жаркент қаласының әкімі Б.Омаровтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі»  қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 13 маман қатысып, сертификат алды.

Панфилов ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы А. Касенов

Дата публикации
21 января 2021