Шолақай ауылдық округіндегі орындалған жұмыстар актісі

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Шолақай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4252,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Осы бағытта Шолақай ауылдық округі әкімі аппараты мелекеттік сатып алу арқылы «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» «Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылындағы Жаңа құрылыс көшелерін ағымдағы жөндеу» жүргізді. Аталған нысан бойынша, орындаушы ""Нұр-Шапағат"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен БИН 170440002310 соммасы 4 252 мың теңгеге келісім шарт жасасты. Жұмыс 2020 жылдың маусым айында басталып, шартқа сәйкес 2020 жылдың маусым айында аяқталды.

2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.

Қосымша : орындалған жұмыстар актісі мен түсіндірме жазбамен бірге салынды.

Дата публикации
21 января 2021