Үлкенағаш ауылдық округіндегі орындалған жұмыстар актісі

Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округінің Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша

бюджетінің орындалу есебіне

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен     2895,0 мың теңге қаражат бөлінді.

  Осы бағытта Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппараты мелекеттік сатып алу арқылы  «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден»  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Коктал-Арасан ауылындағы  орта мектептің ауласын қоршауын ағымдағы жөндеу жүргізді. Аталған нысан бойынша, орындаушы «Инабат" үкіметтік емес мүгедектер қоғамдық бірлестігімен   БИН  190140034522 соммасы 2895,0 мың теңгеге келісім шарт жасасты. . Жұмыс 2020 жылдың сәуір айында басталып, шартқа сәйкес 2020 жылдың мамыр айында аяқталды.

  2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.

  Қосымша : орындалған жұмыстар актісі мен жұмысты қабылдап алу актісі түсіндірме жазбамен бірге салынды.

Дата публикации
20 января 2021