Жетінші шақырылған Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарын бөлу туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 9, 14, 44, 108, 111,                  111-1-баптарына сәйкес, қоса беріліп отырған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімдер бойынша сайланатын Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының негізінде Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Партиялық тізімдер бойынша сайлау қорытындылары белгіленсін:

 «Nur Otan» партиясы - 55307 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,61 проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 11206 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 16,74 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 254 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,38 проценті;

«ADAL» саяси партиясы - 181 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,27 проценті.

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан көп процентін алған саяси партиялар белгіленсін:

«Nur Otan» партиясы – 55307 (82,61%);

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 11206 (16,74%);

  1. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Nur Otan» партиясы – 15;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3.

  1. Жетінші шақырылған Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Дата публикации
13 января 2021